$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.11.2019, 18:57
Жаңалықтар

Алматыда колледждің бас бухгалтері 14,1 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Бюджет қаражаты «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бойынша бөлінген

Алматыда колледждің бас бухгалтері 14,1 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
Фото: 2gis.kz/almaty/

Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Алматы қаласы білім басқармасының «Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінің» бас бухгалтеріне қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бойынша бөлінген 14 млн. 131 мың теңге сомасындағы бюджет қаражатын жеке карта шотына негізсіз аудару жолымен жымқырғаны үшін күдікке ілінді»,- делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет таратқан хабарламада.

Күдіктінің өз кінәсін мойындауына, келтірілген шығынды толық өтеуіне, оның және қорғаушысының келу туралы міндеттеме беруіне байланысты оған қатысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ.

Күдікті кінәсінің деңгейі туралы соңғы шешімді сот шығарады.

Серіктес жаңалықтары