Министрлік республикадағы эпидемиологиялық ахуалға баға берді
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі эпидемиологиялық ахуал бойынша республика өңірлеріндегі жағдайға баға берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
23 қаңтардағы жағдай бойынша:
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар, Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.
«Сары» аймақта: Алматы қаласы, Қарағанды және Алматы облыстары.
Елдің өзге облыстары мен қалалары «жасыл» аймақта тұр.
Айта кетсек, елімізде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны әлі де бәсеңдер емес. Өткен бір тәуліктің ішінде 1548 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бүгінде еліміз бойынша қауіпті вирус жұқтырғандар саны 175 390 адамға жетті.