Екі облыс пен бір қала «сары» аймақта орналасқан
Денсаулық сақтау министрлігі 22 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
22 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның 6 облысы мен 1 қаласы әлі де «қызыл» аймақта тұр. Олар: Ақмола, Павлодар, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы.
Ал «сары» аймаққа Қарағанды, Алматы облысы мен Алматы қаласы кірді. Қалған өңірлердің бәрі де «жасыл» аймақта орналасқан.
Қазақстан халықаралық деңгейде індет қаупі жағынан «сары» аймақта тұр.