Әлеуметтік желіде құлағы жараланған ит пен өлі күшік бейнеленген видео тараған еді
Елорда іргесіндегі Қосшыда итті азаптаған азамат қамауға алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».
«44 жастағы күдіктіні полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларының көмегімен анықтап, ұстаған. Одан екі мылтық, оқ-дәрі және қармен жүретін техника тәркіленді. Қазір аталған дерекке байланысты тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Кеше әлеуметтік желіде құлағы жараланған ит пен өлі күшік бейнеленген видео тараған еді. Осыған байланысты желі қолданушылары өз наразылығын білдірген», - деп жазылған хабарламада.