Полиция күдіктіні 10 сағаттан соң ұстады
Атырау қаласында несие беретін кеңсені тонаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Атырауда шағын несие беретін кеңсе тоналған. Медициналық маска киген ер адам касса қызметкерін пышақпен қорқытқан. Сөйтіп, касадағы ақшаны алып, оқиға орнынан бой тасалаған. Полиция күдіктіні 10 сағаттан соң ұстады», - деп жазылған хабарламада.
Күдікті бұрын сотталған, Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласының 31 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол нысанның бейнебақылау жүйесі мен күзетшісі жоғын білген.