Бесеуі облыстық, үшеуі аудандық деңгейде
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Ернар Баянғазин 2020 жылы 99 қылмыс тіркелгенін, оның 81-і жемқорлық фактілері бойынша екенін айтты. Аяқталған қылмыстық істер бойынша келтірілген залал сомасы 651,5 млн теңгені құрады. Келтірілген залалдың 621,2 млн теңгесі өтелген.
«Департамент жүйелі сыбайлас жемқорлықтың 6 фактісін анықтады. Шағын және орта бизнес қызметіне араласу бойынша 12 фактінің жолы кесілді. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру саласында 20 қылмыс анықталды», - деді Ернар Баянғазин.
Өткен жылы 35 ұсыным жолданып, 48 қызметші лауазымынан төмендетілді және босатылды. Мемлекеттік органдардың сегіз басшысы қылмыстық жауапқа тартылған, олардың бесеуі - облыстық, үшеуі - аудандық деңгейде.