Елімізде COVID-19 вирусын жұқтырған 300-ге жуық науқастың жағдайы ауыр

Автор: Azattyq Rýhy

41 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Елімізде коронавируспен ауырып жатқан 300-ге жуық адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

21 қаңтардағы мәлімет бойынша,  25 088 адам короновирус инфекциясынан (13 445 КВИ+ және 11 643 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 737 пациент стационарда, 18 351 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ-  шалдыққандардың арасында:

  • 298 адамның жағдайы ауыр;
  • 57 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 41 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.