Әзербайжаннан қызанақ алып келуге уақытша тыйым салынды – ҚР АШМ

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл шешім карантиндік фитосанитариялық шара ретінде қабылданды

Фото: ашық дереккөзден

ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті карантиндік фитосанитариялық шара ретінде Әзербайжан Республикасының аумағынан қызанақ алып келуге уақытша шектеу енгізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ведомоствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әзербайжан елінен жеткізілген қызанақ жемістеріне карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізу кезінде 17 жағдайда Tomato brown rugose cfruit virus (ToBRFV) вирусы анықталды. Осыған байланысты Комитет уақытша карантиндік фитосанитариялық шара енгізді.

ISPM №13 «Сәйкестік және төтенше жағдайлар туралы ескерту нұсқаулығы» Халықаралық стандарттарына сәйкес Әзербайжан агенттігіне тиісті нотификациялар жіберілді. Қазақстан Республикасының аумағында вирустың таралуына жол бермеу мақсатында шектеу шаралары 2021 жылғы 16 қаңтардан бастап енгізілді.

Қызанақ жемістерінің Tomato brown rugose cfruit virus (ToBRFV) вирусы алқа тұқымдастары дақылының 30-70% өсімінің төмендеуіне алып келуі мүмкін.