АҚШ коронавирус жұқтыру мен өлім-жітім көрсеткіші бойынша көш бастап тұр
Германия билігі қатаң локдауннан бас тартпайтынын жеткізді. Федералды үкімет пен федералды жер билігінің өкілдері карантинді 14 ақпанға дейін ұзартуға келісті. Қазір Берлинде қатаң шектеу шараларын енгізу мүмкіндігі талқыланып жатыр. Оған қоғамдық көлік жұмысына шектеу қою және міндетті түрде қорғаныс деңгейі жоғары маска тағу жатады.
Италия коронавирустан болатын өлім-жітім көрсеткіші бойынша Еуропада екінші орынға шықты: өткен тәулікте елде індеттен 600-ден астам адам қайтыс болды. Италия үкіметі елде коронавиру індеті қайта өршігенін айтып, дабыл қақты. Қазір карантин күшейтіліп, аймақтар арасындағы қозғалысқа тыйым салынуда. Шектеу 15 ақпанға дейін, ал түн уақытында енгізілген коменданттық сағат 5 наурызға дейін жалғасады.
Ал, АҚШ коронавирус жұқтыру мен өлім-жітім көрсеткіші бойынша көш бастап тұр. Калифорния штаты 3 миллионнан астам тұрғыны коронавирус жұқтырған АҚШ-тағы алғашқы штат болды. Жалпы мемлекетте пандемия басталғалы COVID-19 инфекциясын 24 миллионнан астам адам жұқтырған. Салдарынан 400 мыңға жуық ел азаматы қайтыс болған. АҚШ вирус жұқтыру бойынша, да коронавирустан өлім көрсеткіші бойынша да әлемде бірінші орында.