9 мыңнан астам рейд жүргізілді
Ақтөбеде 9 мыңнан астам рейд жүргізіліп, 177 миллион теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақтөбеде эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Өткен тәулікте 4 адамнан COVID-19 анықталды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржауған Қалауовтың айтуынша, өңірдегі «Жайсаң» және «Әлімбет» санитарлық көлік бекеттері, әуе қатынасы арқылы 65 мыңнан астам адам келіп, оның 6 мыңға жуығында ПТР тест нәтижесі болмаған. Бәрі карантин стационарына жатқызылып, 47 адамнан коронавирус анықталды.
Айта кетейік, қажет болған жағдайда кереует саны 445-тен 3603-ке дейін артады. Оның 80 пайыздан астамы оттегімен қамтылған.