ШҚО-да қар құрсауында қалған екі балықшы құтқарылды

Автор: Azattyq Rýhy

ТЖД тұрғындарға жолдардың жай-күйі туралы алдын ала біліп алуға кеңес береді

Фото: ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар мен полицейлер екі балықшыны қар құрсауынан алып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

17 қаңтарда екі балықшы Каменское су қоймасына қарай бара жатқан. Жолда олардың Nissan көлігі қар құрсауында қалды.

«Әуелде ер адамдар көлікті өздері шығармаққа әрекеттенеді. Алайда одан қайыр болмаған соң құтқарушыларды шақырған. Оқиға орнына Ұлан ауданындағы №34 өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлері мен полицейлер барды. Бірлесе әрекет еткен олар көлікті қардан шығарды», - деп жазылған хабарламада.

Осы ретте, ТЖД мамандары өңір тұрғындарына алыс сапарға шыққан кезде Darmen мобильді қосымшасы арқылы жолдардың жай-күйі туралы алдын ала біліп алуға кеңес береді.