18 қаңтар күнгі ауа райы болжамы

Автор: Azattyq Rýhy

Дүйсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады

Фото: ашық дереккөзден

18 қаңтар күні елдің солтүстік-батысында, батысында, солтүстігінде және орталығында аздаған қар жауады. Қазақстан аумағының қалған бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі, батыста көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысының түнде жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с, кей жерлерде жаяу бұрқасымен күтіледі.

Шығыс Қазақстан, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-23 м/с күшейіп, жаяу бұрқасымен болуы ықтимал.

Қостанай, Ақмола облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Ақтөбе, Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман болып, желдің жылдамдығы 15-22 м/с жетеді.

Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.