Алматыда 2 адам иіс тиіп көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Пештің мұржасы газ қазандығына дұрыс бекiтiлмеген

Фото: баспасөз қызметінен

Алматыда табиғи газбен жылытылатын жеке тұрғын үйде екі адам уланып көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

«Түрксiб ауданы «Қайрат» ықшамауданында орналасқан табиғи газбен жылытылатын жеке тұрғын үйдің пешінен ақау шыққан. Жоғарыда аталған мекенжайға жедел медициналық жәрдем келгенше 1995 және 1992 жылы туған екi адам көз жұмды. Мамандар тексеру барысында пештің мұржасы газ қазандығына дұрыс бекiтiлмегенiн және герметиканың болмағанын анықтады»,- деп жазылған хабарламада.