Кеше облыс аумағында секундына 32 метр болатын жел тұрды
Кеше облыс аумағында секундына 32 метр болған қатты желден Жарма ауданы Шуақ аулында орналасқан бір ғимарттың шатыры ұшып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі altaynews.kz-ке сілтеме жасап.
Мәлім болғандай шатырын жел алып кеткен ғимарат ауыл қазандығы. Оның 36 шаршы метр аумағы енді қайта жөндеу жұмысатарын талап етеді. Оқиғадан ауыл тұрғындарынығ ешбірі зардап шекпеді.
Өңірде 16 және 17 қаңтар күндері желдің ұйытқуы 30 м/с-ке жетеді деп дауылды ескерту жарияланған болатын.
Облыстың төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға абай болуды тағы бір мәрте ескертеді.