45 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастардың денсаулық жағдайы туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
17 қаңтар күнгі жағдай бойынша, елімізде 24 373 адам короновирус инфекциясынан (12 653 КВИ+ және 11 720 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 296 пациент стационарда, 18 077 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 294 адамның жағдайы ауыр;
- 64 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 45 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.