4 адам көз жұмды
Елімізде коронавирус пневмониясының жаңа жағдайлары тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
«15 қаңтар күні коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 94 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 151 адам емделіп шықты», - делінген ақпаратта.
1 тамыздан бері коронавирус пневмониясына барлығы 46 831 адам шалдықты, оның ішінде жазылып шықты – 34 573 адам. Қайтыс болды - 538 науқас.