WADA Ресейді спорт сайыстарынан 4 жылға шеттетуі мүмкін

Автор: Azattyq Rýhy

Допингке қарсы агенттіктің атқару комитеті ұсынысты 9 желтоқсан күні қарайды

Фото: ашық дереккөзден

Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) үйлесімділік комитеті Ресейді спорт сайыстарынан 4 жылға шеттетуді ұсынды. Егер ұйымның атқару комитеті осы ұсынысты қабылдаса, Ресей Еуропа және әлемдік деңгейдегі жарыстарды өткізу құқығынан да айырылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ВВС-ге сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, ұсыныс ВАДА комитетінің есебіне қосылған. Ал ВАДА сайтында осы ұйымның тәуелсіз комитеті РУСАДА-ның Дүниежүзілік допингке қарсы кодекс талаптарын орындамай отырғаны айтылған.

Допингке қарсы агенттіктің атқару комитеті ұсынысты 9 желтоқсан күні қарайды. Егер тыйым салу туралы ұсыныс қабылданып, апелляция да нәтиже бермесе, Ресей футболдан 2020 жылғы Еуропа чемпионаты, 2022 жылғы Әлем чемпионаты, 2020 жылғы Токио Олимпиадасы сияқты көптеген ірі жарыстардан шет қалады.

Тегтер: