Бұл күні дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі
17 қаңтарда астанада қоғамдық көлік қатынамайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі City Transportation Systems компаниясына сілтеме жасап.
«Жексенбі күні, 17 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында және қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы бір күнге тоқтатылады. Дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.Бетперде тағу режимін сақтауды сұраймыз. Автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды. Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді», - деп жазды компания фейсбуктегі парақшасында.