Бұл облыстарда боран соғады
17 қаңтар күні Нұр-Сұлтан қаласында және еліміздің 11 облысында боран соғатыны ескертілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Ертең Нұр-Сұлтан қаласында аяз болады. Батыс, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
17 қаңтарда Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында батыстан, оңтүстік-батыстан жел тұрып, түнде оның жылдамдығы секундына 15-20, күндіз 15-20 метрге, ал кей жерде екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. Оқтын-оқтын жылдамдығы секундына 30 метрден асатын боран тұруы ықтимал. Аталған облыстардың кей жерінде бұрқасын болады.
Ақтөбе облысының кей жерін тұман басады. Өңірдің солтүстігінде аяз күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел тұрып, облыстың солтүстігінде желдің жылдамдығы секундына 18 метрге жетеді.
Шығыс Қазақстанның да кейбір өңірінде аяз болады. Оңтүстік, оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы кей жерде секундына 15-20 метр болады.
Жамбыл облысының кей ауданында тұман түседі, көктайғақ, солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жел соғады.
Қарағанды облысының да кей жерін тұман басып, оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метрлік жел тұрады.
Қызылорда облысының кей өңірін тұман басатындығы күтіледі.
Маңғыстау облысында да тұман болады.
Түркістан облысының кей аумағында тұман, аяз болады. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метрлік жел соғады.