Тұрғындар әкіммен кездесуде көпір салу мәселесін көтеріп жатыр
15 қыркүйекте Шамалған стансасында жол-көлік оқиғасы болып, «Алматы-Қостанай» бағытындағы пойыз бен автобустың соқтығысқан еді. Шамалған стансасы тұрғындары оқиға болған жерде көпір салу керектігін талай жылдан бері айтып келген, бірақ оған ешкім құлақ аспаған екен. Бүгін осы жағдайға байланысты Алматы облысы Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев пен тұрғындар арасында кездесу өтіп жатыр. Azattyq Rýhy тілшілері кездесуден тікелей репортаж ұсынады.