«Қазгидромет» 16 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады
Сенбі, яғни 16 қаңтар күні Қара теңіз аймағынан келетін циклон өз әсерін тигізетіндіктен, Қазақстанның батыс аумағына қар, қар аралас жаңбыр жауады. Сондай-ақ республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.
Атап айтқанда, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болуы мүмкін, желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел 18 м/с, түнде Мұғалжар ауданында екпіні 23 м/с күшейеді.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі, желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз көктайғақ болады.
Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді,
Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.