Халық әртісі Айша Абдуллина 103 жасқа қараған шағында қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Айша Абдуллина ұлттық драматургия мен әлемдік классиканың жауhарларында бір-біріне ұқсамайтын 100-ден аса саxналық бейнені сомдады

Фото: ашық дереккөзден

Бүгін 103 жасқа қараған шағында көрнекті театр және кино актрисасы, саңлақ саxнагер, Қазақстанның халық әртісі , «Парасат», «Құрмет белгісі», «Ұлы Отан соғысының ардагері» ордендерінің иегері Айша Абдуллина өмірден өтті. Қаралы хабарды Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының директоры, Қазақстан Театрлар ассоциациясының вице-президенті Асхат Маемиров жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy  тілшісі. 

Айша Абдуллина ұлттық драматургия мен әлемдік классиканың жауhарларында бір-біріне ұқсамайтын 100-ден аса саxналық бейнені сомдады

Марқұммен қоштасу рәсімі 28 қараша күні, сағат 09.00-де М.Әуезов театрында өтеді.