Дариға Назарбаева мен Азат Перуашев бір комитеттің құрамына кірді
Мәжілістің жетінші шақырылымының депутаты Дариға Назарбаева экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің құрамына кірді. Бұл комитетті депутат Альберт Рау басқарады. Комитет құрамына 14 депутат кірді. Олардың арасында «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев, Nur Otan фракциясының өкілі Дариға Назарбаева және ҚХП атынан сайланған депутат Жамбыл Ахметбеков бар.
Сондай-ақ Альбер Рау төрағалық ететін комитет құрамына Самат Ақышев, Ғалым Әмреев, Сырым Ертаев, Ғазиза Құлахметова, Самат Мұсабаев, Ерлік Өмірғали, Әмірхан Рахымжанов, Әлия Сапарова, Екатерина Смышляева, Әбілфас Хамедов сынды депутаттар енді.
Еске сала кетейік, бүгін Мәжілістегі 7 комитеттің төрағасы болып мына депутаттар сайланды: