Жансая Әбдімәлік, Ермахан Ыбырайымов, Қайрат Құдайберген - Алматы мәслихатына «Nur Otan» атынан өткен депутаттар

Автор: Azattyq Rýhy

Партия атынан қалалық мәслихатқа 29 кандидат сайланды

Моңғолияның Баян-Өлгей аймағынан келген жігіт Алматы қалалық мәслихатының депутаты атанды. Нұрымбек Тау - «Daco motors KZ» ЖШС директоры. Кәсіпкер пандемияға байланысты карантин кезінде қайырымдылықпен айналысып, мыңдаған отбасына азық-түліктен бөлек қаржылай да көмек қолын созды. Праймериз арқылы ішкі  іріктеуден өткен 40 жастағы кәсіпкер тарихи отанына 1998 жылы келген. Ол Қаныш Сәтбаев атынағы Қазақ ұлттық техникалық университетін (мұнай және газ инженері) 2004 жылы бітірген. Бүгінде 4 ұл, 1 қыз тәрбиелеп отырған депутат алдағы уақытта қайырымдылық шараларының ауқымын кеңейтбек.

«Ең алдымен Алатау ауданын көркейтуге атсалысамын. Экология және қайырымдылыққа екі жобаны бастап кеттік. Қаланың төменгі ауданындағы 76 гектар жерге ағаш отырғызамыз. Аумақты қарағайлы орманға айналдырамыз. Әлеуметтік жоба аясында «Шаңырақ» қайырымдылық қорын құрып жатырмыз. Бұнымен қатар аудандағы спорттық шараларды көбейтіп, балалардың спортпен айналысуына барынша көңіл бөлмекшіміз. Мәслихаттағы негізгі міндетімнен бөлек осындай шаруалар күтіп тұр. Сайлауалды бағдаралмамды жүзеге асыруға кірісіп кетім», - деді Нурымбек Тау.  

«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы саяси кеңесі бюросының 13 қаңтардағы шешімімен кандидаттарды VІІ шақырылымдағы Алматы мәслихатының депутаты ретінде тіркеу үшін аумақтық сайлау комиссиясына жіберілді.

Партияның қалалық филиалының төрағасы, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, жаңа депутаттық фракция алдында «Алматы - 2050» стратегиясы негізінде әзірленген сайлауалды бағдарлама мен сайлаушылардың аманатының орындалуын жүйелі түрде қадағалау міндеті тұр.

Ұсынылған тізімде әйелдердің үлесі - 31%, жастардың үлесі - 24%. Депутаттардың орташа жасы - 43 жас (бұрын, VI шақырылымдағылардың орташа жасы 48 жас болатын), депутаттар құрамы 5 жасқа жасарды.

Жалпы, Алматы қаласының мәслихатына төрт партия өкілдері өтті - 39 мандат: «Nur Otan» - 29 орын; «Ақ жол» - 4 орын; «Қазақстан Халық партиясы» - 3 орын; «Ауыл» - 3 орын.

«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалынан сайланған депутаттар тізімі:

  • Ақанова Әсия Айқанқызы – Алмалы аудандық белсенді ұзақ өмір орталығының және «Күміс ғасыр» ҚҚ-ның директоры;
  • Авершин Константин Викторович – «Я - алматинец» қоғамдық қозғалысының жетекшісі;
  • Әбдімәлік Жансая Даниярқызы – Қазақстандық шахматшы, халықаралық спорт шебері және әйелдер арасындағы гроссмейстер;
  • Әділханов Мұрат Әділханұлы - «Көктем групп ЛТД» ЖШС басқарма төрағасы;
  • Байтасов Арманжан Мерекеұлы - «Tanmedia Group» директорлар кеңесінің төрағасы;
  • Бекенова Гүлжан Мырзалықызы - « №169 мектеп- лицейдің» директоры;
  • Білісбеков Асқар Ерғалиұлы - «Алматы ӘКҚ» АҚ-ның басқарма төрағасы;
  • Бөлекбаева Райхан Чантқызы – Д. Қонаев атындағы коледж директоры;
  • Грачев Михаил Владимирович - «ДСУ-13»АҚ-ның директоры;
  • Есматов Серік Аманжолұлы – Параолимпиадашы, волейболдан Қазақстанның жастар құрама командасының экс-капитаны;
  • Жүдебаев Арман Әділханұлы – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры;
  • Зулеев Мұхтар Махамбетұлы - «Good food KZ» ЖШС директоры;
  • Ибрагимова Ляззат Еркенқызы - «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы;
  • Ибраимов Ермахан Сағиұлы – бокстан Олимпиада чемпионы, «Бокстан олимпиадаға даярлау орталығы» РМКК-ның директоры;
  • Канкуров Станислав Владимирович - «Nur Otan» партиясы Алматы ҚФ төрағасының бірінші орынбасары;
  • Қасымов Ерболат Болатұлы - «Айсултан» холдингтік компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы;
  • Көбеева Алтынай Орманқалиқызы - Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің хатшысы, «Ақпараттық –ресурстық орталық» ҚҚ директоры;
  • Қодасбаев Алмат Тұрысбекұлы – «қалалық кардиологиялық орталық» ШЖҚ МКК бас дәрігері, 100 жаңа есім жобасының жеңімпазы;
  • Құдайберген Қайрат Құдайбергенұлы - «Q3 Worldwide» инвестициялық холдингтің бас директоры;
  • Құрманбек Әсел - «Green Works» ЖШС-нің құрылтайшысы;
  • Нәбиев Әміржан Әміржанұлы - «Атрикс-Строй» ЖШС-нің директоры;
  • Садықов Болат Нұрмырзаұлы - «№5 қалалық клиникалық аурухана» МҚК бас дәрігері;
  • Сәрсенбай Қали Қошқарұлы - «Алматы ақшамы» газетінің бас редакторы;
  • Талбидинов Есенгелді Закірханұлы - «Жол- Транссервис 2006» бас директоры;
  • Тау Нұрымбек - «Daco motors KZ» ЖШС директоры;
  • Өмірбаева Зауреш Әбілғожанқызы – Кәсіподақтардың Алматы қаласы бойынша «Кәсіподақ орталығы» аумақтық бірлестігінің төрайымы;
  • Финогенов Максим Владимирович - «DWS group» компаниясының директоры;
  • Шардинов Шухрат Ахметжанұлы - «АЗМК» ЖШС бас директоры;
  • Шимашева Рахат Сейдахметқызы - Алматы қаласының әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы.