Тағы 766 адам: елімізде коронавирус жұқтырудың жаңа деректері анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Ауырып жатқан 584 адам емделіп шыққан

Қазақстанда өткен тәулікте 766 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып, ауырғаны белгілі болды деп жазады coronavirus2020.kz.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 114;
  • Алматы қаласы – 111;
  • Шымкент қаласы – 11;
  • Ақмола облысы – 63;
  • Ақтөбе облысы – 1;
  • Алматы облысы – 61;
  • Атырау облысы – 73;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 37;
  • Жамбыл облысы – 10;
  • Батыс Қазақстан облысы – 43;
  • Қарағанды облысы – 39;
  • Қостанай облысы – 75;
  • Қызылорда облысы – 3;
  • Маңғыстау облысы – 15;
  • Павлодар облысы – 48;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 54;
  • Түркістан облысы – 8.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 164 477. Ал, аталған аурудан емделген адамдардың саны 150 427-ге жетті.