Колледждердің 1-2 курс студенттері үшін де сабақ онлайн форматқа ауыстырылды
Бүгін Нұр-Сұлтанда ауа райына байланысты екінші ауысым оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқиды. Бұл туралы қалалық Білім басқармасы хабарлады.
«Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы 12.01.2021 жылы ауа райының қолайсыздығына байланысты ІІ ауысымдағы 0-11(12) сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курс студенттері үшін сабақ қашықтықтан оқыту форматына көшіріледі», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, кеше Қазақстандық мектептерде үшінші тоқсан жоспарлы түрде басталды. Үшінші тоқсан 20 наурызға дейін жалғастырылатын болады. Бұл тоқсанда дәстүрлі формат оқыту екінші тоқсандағыдай 1-5 кезекші сыныптарда, жалпы білім беретін мектептерде және халықаралық мектептерде 1-7 сыныптарда дәстүрлі форматта оқыту қарастырылады.
Екінші тоқсанда 300-ге дейінгі оқушысы бар мектептерде дәстүрлі форматта оқыту әрі қарай жалғасып келе жатыр.
Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, 15 оқушыға дейінгі сыныптар бөлініп оқыту жалғастырылатын болады. Осы рұқсат етілген категорияларда, мектеп-интернаттарда, дарынды балаларға арналған интернаттарда тұрып оқу жағдайы қарастырылады.
Әр жағдайда штатты форматтардағы шешімді қабылдау жергілікті мемлекеттік санитарлық дәрігерлердің шешімімен қарастырылатын болады.
Оқу процесін ұйымдастыру форматы келесідей жүргізіліп отыр.