Мысырдан келген тағы бір жолаушыдан коронавирус анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол Нұр-Сұлтан әуежайына Шарм-эль-Шейх қаласынан ұшып келген

көрнекі фото

11 қаңтарда Қазақстан аумағына Швейцария, Мальдив, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей, Беларусь және Өзбекстан елдерінен 10 халықаралық әуе рейсімен 1 085 қазақстандық жолаушы келді. Олардың ішінде 922 жолаушыда ПТР-анықтама болса, 163 азамат тиісті құжатсыз келген.

Оның ішінде:

  • Алматы әуежайына – 6 рейс (721 жолаушы, анықтамамен - 581, анықтамасыз – 140);
  • Нұр-Сұлтан әуежайына – 2 рейс (223 жолаушы, анықтамамен – 202, анықтамасыз – 21);
  • Ақтау әуежайына – 1 рейс (140 жолаушы, анықтамамен – 138, анықтамасыз – 2);
  • Атырау әуежайына – 1 рейс (1 жолаушы анықтамамен келді).

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша ПТР-тестен өтіп, карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.

Сондай-ақ, 10 қаңтарда анықтамасыз келген 372 жолаушының бірінен коронавирус анықталды. Ол Нұр-Сұлтан әуежайына Шарм-эль-Шейх қаласынан (Египет) ұшып келген.

Еске сала кетейік, 9 қаңтарда ПТР-анықтамасыз келген 247 Қазақстан азаматының төртеуінен коронавирус анықталды. Олар Шарм-эль-Шейх (Египет) қаласынан Қостанай әуежайына ұшып келген.