Қостанай облысы «қызыл» аймаққа енді

Автор: Azattyq Rýhy

Атырау облысы «сары» аймаққа ауысты

Фото: ашық дереккөзден

Коронавирус инфекциясының таралуы бойынша Қостанай облысы «қызыл» аймаққа енді. Ал Атырау облысы «сары» аймаққа қайта оралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

12 қаңтардағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, қазір екі облыс "қызыл" аймақта, алты өңір "сары" аймақта тұр.

  • «Қызыл» аймақта: Ақмола, Қостанай облыстары;
  • «Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Павлодар облыстары;
  • «Жасыл» аймақта: елдің басқа барлық өңірлері.

Жалпы, Қазақстан республикасы «сары» аймақта тұр.