$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.01.2021, 10:52
Жаңалықтар

Қарағанды облысының бас санитар дәрігері тағайындалды

Юрий Залыгин бұған дейін облыстық департамент басшысының орынбасары болды

Қарағанды облысының бас санитар дәрігері тағайындалды
Юрий Залыгин, фото: ашық дереккөзден

Қарағанды облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы болып Юрий Залыгин тағайындалды. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек онлайн режиміндегі аппарат кеңесіне өңірдің жаңа бас санитар дәрігерін таныстырды.

Юрий Залыгин Қарағанды мемлекеттік медицина институтын (дәрігер-гигиенист-эпидемиолог) және Қазақстан-Ресей университетін (экономика бакалавры) бітірген.

2001 жылдың шілдесінен бастап санитарлық қызметте жұмыс істеген. Жезқазған мен Теміртауда түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. Жезқазған бойынша Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасын, Жезқазған қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасын басқарды. Облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау, қоғамдық денсаулық сақтау, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменттері басшысының орынбасары болды.

2020 жылғы қарашадан бастап осы уақытқа дейін Қарағанды облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары болып қызмет атқарды.

Серіктес жаңалықтары