СҚО-да бас санитария дәрігері тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Әсет Жұматаев бұған дейін Петропавл қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімін басқарған

 

Солтүстік Қазақстан облысының жаңа бас мемлекеттік санитар дәрігері болып Әсет Жұматаев тағайындалды. Бұл туралы СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Солтүстік Қазақстан облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы болып Әсет Тұрғымбекұлы Жұматаев тағайындалды. Бұдан бөлек, ол Солтүстік Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері қызметін де атқарады», - деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметінен.

Ведомство мәліметінше, 39 жастағы Әсет Жұматаев осы тағайындауға дейін Петропавл қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімін басқарған. Ол Қарағанды ​​мемлекеттік медицина академиясын профилактикалық медицина мамандығы бойынша бітірген.

Әсет Жұматаев 1981 жылы 8 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Бірлік ауылында туған. Білімі – жоғары, 2004 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын тәмамдады.