Төтенше оқиға Рысқұлов-Белинский көшелерінің қиылысында болған
Facebook желісінде "Ala news" ақпараттық парақшасы сағат 12-лер шамасында жолаушылар автобусының түтіндеп жатқан видеосын жариялады. Қоғамдық көлікте адамдардың бар, жоғы әзірге белгісіз. Қалалық Полиция департаменті оқыс оқиғаға қатысты бар ақпаратты толықтырып беретіндерін мәлімдейді.