Дауыс беруге негізінен орта және егде жастағы азаматтар келіп жатыр - бақылаушы

Автор: Azattyq Rýhy

Бүгін Қазақстанда Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы өтіп жатыр

Дауыс беруге негізінен орта және егде жастағы азаматтар келіп жатыр. Қарағанды қаласындағы №59 учаскенің бақылаушысы Аслан Алпыспаев сайлауда ешқандай заң бұзушылықтың болмағанын айтты.

Осы уақытқа дейін аталған учаскеге 788 адам келіп, өз таңдауларын жасаған.

«Сайлау барлық талаптарға сай өтуде. Таңғы 7-ден бастап сайлаушылар келіп, дауыс беріп жатыр. Сайлаушылардың басым көпшілігі 40 пен 65 жас аралығындағы азаматтар. Осы учаскеде 8 бақылаушы сайлаудың әділ өтуін қадағалап отырмыз. Ешқандай заң бұзушылық болған жоқ», - деді Аслан Қайратұлы.

Бүгін Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы өтіп жатыр.