Бигелді Ғабдуллин Алматыдағы №235 сайлау учаскесінде болды
2020 жылдың 13 қарашасында Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауының әділ өтуіне үлес қосу үшін қоғам белсенділері мен журналистерден құралған «TAZA SAILAU» азаматтық бақылау ұйымы құрылды. Аталған ұйымға жазушы, қоғам белсендісі Бигелді Ғабдуллин де кірді.
Алматы қаласы Қарғалы ықшамауданында болған бақылаушы Бигелді Ғабдуллин сайлау учаскелерінде жағдай реттелгенін, заңбұзушылық жоғын айтты.
«Түстен кейін жағдай жақсы жағына өзгерді: өрескел заңбұзушылық жоқ. Мәселен, мен Қарғалы ықшамауданындағы №235 учаскесінде болдым. Бәрі ретімен дауысын беріп (35%) жатыр, бақылаушылар тарапынан (7-8 адам) еш шағым жоқ», - деп жазды ол.
Бұған дейін Бигелді Ғабдуллин «Таза сайлау» байқаушылары Шымкент қаласындағы сайлау учаскелерінде бірқатар заңбұзушылық болғанын анықтағанын айтты.