Комиссия мүшелері мен сайлаушылар арасын әйнек бөліп тұр – бақылаушы Олжас Сыдықбек

Автор: Azattyq Rýhy

Елімізде Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы өтіп жатыр 

Бүгінгі сайлаудың ерекшелігі - комиссия мүшелері мен сайлаушылар арасын әйнектер бөліп тұр. Нұр-Сұлтан қаласындағы №139 сайлау учаскесінде бақылаушы болып отырған Олжас Сыдықбек Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары сайлауының қалай өтіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, бүгінгі сайлауға халықтың қатысу белсенділігі жақсы.

«Халық таңғы 07:00-ден бастап келіп, дауыстарып беріп жатыр. Азаматтардың белсенділігі жақсы. Ешқандай заң бұзушылықтар болған жоқ. Комиссия мүшелерінің де тәжірибелі екені көрініп тұр. Санитарлық талаптар да қатаң сақталуда. Комиссия мүшелері мен сайлаушылар арасын әйнектер бөліп тұр», - деді Олжас Сыдықбек.

Аталған учаскеде осы уақытқа дейін 446 адам дауыс берген.