№144 сайлау учаскесінде 2 706 адам тіркелген
Жаңа үйленген ерлі-зайыптылардың айтуынша, ел үшін мұндай маңызды күні таңдау жасау - әркімнің азаматтық борышы. Сондықтан, тойдың дайындығына қарамастан Фахат Жанбеков пен Ботагөз Калтаева учаскеге келуге шешім қабылдады.
Жас жұбайлар үшін 10 қаңтар тек неке күні ғана емес, сонымен қатар алғашқы отбасылық сайлау күні ретінде де есте қалады.
«Бүгін біздің өмірімізде екі есе маңызды күн. Еліміз үшін осындай айтулы күні отбасымыздың құрылғанына өте қуаныштымын», - дейді Ботагөз.
Жас жұбайлар дауыс берген сайлау учаскесінде 2 706 адам тіркелген.
Еске сала кетейік, елордада 283 сайлау учаскесі орналасқан. Барлық учаскелер дайын және қажетті қорғаныс құралдарымен жабдықталған.