Қала әкімі өз даусын №337 учаскеде берді
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттары сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Биылғы сайлаулар басқаша өтіп жатыр. Өзге елдерде парламент және президент сайлауы қалай өткенін бақыладық. Біздің елде де Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының конституциялық мерзімі аяқталуға жақын қалды. Біз әр қазақстандықтың сайлауға келіп, өз таңдауын жасауы үшін жағдай жасауымыз қажет. Өздеріңіз байқағандай, барлық талаптар сақталуда», - деді Сағынтаев.
Айта кетейік, бұған дейін Премьер-министр Асқар Мамин мен Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев таңдауын жасады.