Сәбилер күш жинағанша дәрігерлердің бақылауында болады
Ақтауда төртем дүниеге келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Маңғыстау облысы Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
«Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығында төртем дүниеге келді. Анасының және нәрестелердің жағдайлары қалыпты. Сәбилер күш жинағанша дәрігерлердің бақылауында болады», – делінген хабарламада.