Алтай Көлгінов кезекте тұрғандарға әлеуметтік пәтер кілттерін табыс етті

Автор: Azattyq Rýhy

Сонымен қатар, биыл «Жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы жалғасатын болады

Фото: баспасөз қызметі

Елордада халықтың әлеуметтік осал топтарынан кезекте тұрғандарға пәтер кілттері берілді. Сонымен қатар, биыл «Жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы жалғасатын болады. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Қала тұрғындарының тұрғын үй мәселелерін жүйелі түрде шешуді жалғастырамыз. Бүгін пәтер кілттерінің кезекті партиясы табысталды. Халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына жататын кезекте тұрғандар әлеуметтік пәтер алды. Олардың қатарында мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім балалар, 1 және 2 топтағы мүгедектер, зейнеткерлер, толық емес отбасылар, ҰОС қатысушыларына теңестірілген адамдар және т. б. бар. Үй дамып келе жатқан ауданда орналасқан (Р. Қошқарбаев көшесі, Алматы ауданы). Жақын маңда оқу орындары, балабақшалар және т. б. бар», - деп жазды Алтай Көлгінов. 

Оның айтуынша, тұрғын үй кешенінің бірінші қабаттарында оңалту орталығы мен білім беру нысандарын ашылады. Көктемде балалар үшін аула аббаттандырылып, көшет отырғызылады. 

«2020 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қолжетімді жеңілдікті тұрғын үй құрылысының көлемі ұлғайды. Биыл әлеуметтік пәтер санын 8 мыңнан 10 мыңға дейін арттырамыз. Бұл пәтерлер тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде (Отбасы банк) кезекте тұрғандарға да берілмек. Осы айда жұмыс істейтін жастарға 350 пәтер береміз. Сонымен қатар, 2021 жылдың соңына қарай жұмыс істейтін жастарға тағы 1050 пәтер беріледі. Жеңілдікпен берілетін қолжетімді тұрғын үй құрылысына үй құрылысы комбинаты көмектеседі. Инновациялық технологиялар құрылыс мерзімін қысқартуға, тұрғын үйдің өзіндік құнын төмендетуге және үйлердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді», - деді қала әкімі.

Өткен айда тағы бір MODEX үй құрылысы комбинаты ашылды. Сонымен қатар, мемлекет «GLB« үй құрылысы комбинатының бірқатар мәселелерін шешуге көмек көрсетті. Бұл сондай-ақ ұзақ құрылыс ұзаққа созылған үйлердің құрылысын қайта жандандыруға мүмкіндік береді.

«Апатты жағдайдағы ескі үйлерді бұзу бойынша да жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы айда 400 отбасы жаңа қауіпсіз пәтерлерге көшірілді. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бағдарламасы бойынша жөндеуді қажет ететін тұрғын үй кешендерін жөндейміз, лифтілерді ауыстырамыз. Тұрғын үй мәселелерін шешу — жүйелі жұмыс жүргізетін маңызды бағыттардың бірі», — деп жазды қала әкімі Алтай Көлгінов.