Сенбі күні республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді
9 қаңтар күні Қазақстанның басым бөлігінде қар, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек республиканың батысында, солтүстік-батысында және күндіз солтүстігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі, жаяу бұрқасын, батысында – көктайғақ, шаңды дауыл күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, күндіз Ақтобе, Ақмола облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді; Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан, Атырау, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Атырау облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.
Түнде Алматы облысының кей жерлерінде қатты аяз сақталады.