Қазақстанда 1 ақпаннан бастап кинотеатрлар жабылуы мүмкін

Оның басты себебі – фильмдердің прокатта болмауы

Қазақстанда 1 ақпаннан бастап кинотеатрлар жабылуы мүмкін
Фото: 24.kz

1 ақпаннан бастап еліміздегі кинотетарлар бірнеше айға жабылуы мүмкін. Оның басты себебі – фильмдердің прокатта болмауы, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Қазақстан кинотеатрлар иелері қауымдастығы президентінің айтуынша, Голливудтың негізгі студиялары көктемгі премьераларды күзге ауыстыру туралы шешім қабылдады. Ал отандық киноөндірушілердің картиналары ақпаннан кейін жарыққа шығады.

«Қазір прокатта 16 картина бар. Осы туындылардың арқасында кинотеатр жұмыс істей алар еді. Енді отандық киноөндірушілер оларды күзге қалдыруды жөн көрді. Ал ол кезде кинотетарлар жұмыс істей ала ма, ол да белгісіз. Продюсерлер өз ойларынан қайтып, бізді қолдап, туындыларды ертерек шығарса дейміз», - дейді Қазақстан кинотеатрлары иелері қауымдастығының президенті Мунира Ягудина.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.