Мемлекеттік сатып алу жүйесінде 1 трлн теңгенің заң бұзушылығы анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл әр оныншы сатып алуда шикілік бар дегенді білдіреді

Фото: ашық дереккөзден

Елдегі Мемлекеттік сатып алу жүйесінен тағы олқылықтар табылды. Қаржы министрлігі, жалпы құны бір триллион теңгеден асатын заң бұзушылық анықтаған. Бұл әр оныншы сатып алуда шикілік бар дегенді білдіреді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Мамандар барлығы 1,5 млн сатып алу шартын тексерген. Негізгі заң бұзушылық бағалардан шығып отыр. Шарт құны әр дерек көзінде әртүрлі  көрсетілген екен. Қателіктердің дені мемлекеттік мекемелерден кеткен. Нәтижесінде 700-ден астам шенеунік әкімшілік жауапқа тартылды. Жалпы құны алты миллиард теңгені құрайтын 172 қылмыстық іс тіркелді. 

«Барлығы 13 мың ескертпе берілді. Олардың дені хабарланыру енді ілінген кезінде анықталған байқау процедураларына байланысты. Осының арқасында негізсіз талаптардың алдын алдық және басқа да заң бұзушылықтарды жойдық», - дейді Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті төрағасының орынбасары Алмас Каукитаев.