Синоптиктердің болжамынша, республиканың бүкіл аумағында температура жоғарылайды, ауа райы жауын-шашынды болады
Қазгидромет 26-28 қараша күндеріндегі ауа райына болжам ұсынады, деп хабарлайды Azattyq Rýhyтілшісі.
Қазгидрометтің ақпаратынша, циклон мен атмосфералық ағымдар Қазақстан аумағына ығысып, жауын-шашын әкелді. Республиканың солтүстік жартысында ауа температурасы айтарлықтай көтерілді.
«Алдағы үш тәулікте Қазақстанға Атлантикадан жылы және дымқыл ауа ығысады. Соның әсерінен республиканың бүкіл аймағында ауа температурасы жоғарылап, кей жерлерде қар, тұман және көктайғақ күтіледі», - деп болжады синоптиктер.
Ірі қалалардағы ауа райы
Нұр-Сұлтан
Алматы
Шымкент