Қазақстанның басым бөлігінде күн аяз болады
6 қаңтар күні Қазақстанның басым бөлігінде күн аяз және жауын-шашынсыз болады. Тек республиканың солтүстік-батысында ғана қар жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, түнде Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.
Жамбыл, Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты аяз, Алматы облысының солтүстігінде өте қатты аяз болады.