Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 85 миллионнан асты

Автор: Azattyq Rýhy

1,8 млн адам қайтыс болды

Фото: reuters.com

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 85 миллионнан асты. 1,8 млн адам қайтыс болып, 47,7 млн адам жазылып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Джонс Хопкинс университетінің деректеріне сілтеме жасап.

Коронавирус жұқтырғандар саны бойынша АҚШ көш бастап тұр. Мұнда COVID-19 20,5 млн адамнан анықталып, 351 мыңнан астам адам көз жұмған. Екінші орында тұрған Үндістанда 10,3 млн науқас тіркеліп, қайтыс болғандар саны 150 мыңға жуықтап қалды. Одан кейінгі орында Бразилия тұр. Мұнда 7,7 млн адамнан коронавирус анықталып, оның 196 мыңы қайтыс болды. Коронавирус жұқтырғандар саны бойынша Ресей төртінші орында тұр. Ресейде 3,2 млн науқас тіркелген. Оның 2,6 миллионы жазылып шықса, 58 мыңнан астамы қайтыс болды.