31 желтоқсаннан бастап 804 рейд жүргізілді
Қазақстанда 31 желтоқсаннан бері карантин талаптарын бұзған 71 нысан анықталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар орталығында өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«31 желтоқсаннан бастап 804 рейд жүргізілді. 4 618 нысан қамтылды, оның ішінде 71 нысан талап бұзған. 65 әкімшілік айыппұл салынды», - дейді министр.
Оның айтуынша, карантин кезеңінде қызмет көрсетуге тыйым салынған объектілер жұмыс істеп тұрған, шектеу режимі сақталмаған.