Бұл жолдарда қоғамдық көлік қозғалысына шектеу енгізіледі
Елордадан шығатын барлық республикалық маңызы бар тасжол бағыттары бойынша бірқатар шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
«18:00-ден бастап ауа температурасының төмендеуіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласынан республикалық маңызы бар барлық тасжол бағыттары бойынша қоғамдық көлік пен дизельмен жүретін автокөлік түрлеріне шектеу енгізіледі», - деп жазылған хабарламада.