Қалың тұман түсуіне байланысты синоптиктер ескерту жариялады
Еліміздің бірқатар өңірінде қалың тұман түсуіне байланысты синоптиктер ескерту жариялады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.
Атап айтқанда, 2 қаңтарда Ақмола облысында кей жерлерде тұман түседі. Болжамның ықтималдылығы – 85-90%.
2-4 қаңтарда Түркістан облысының кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с.
Шымкент қаласында 2-4 қаңтарда кей уақытта тұман сақталады.
Түркістан қаласында 2-4 қаңтарда түнде және таңертең тұман түседі. Болжамның ықтималдылығы – 90-95 %.
2 қаңтар Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Орал қаласында 2 қаңтар түнде және таңертең тұман болады. Болжамның ықтималдылығы – 85-90%.