Қазақстанда коронавирусқа шалдыққан 53 науқастың жағдайы өте ауыр

Автор: Azattyq Rýhy

46 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

Фото ашық дереккөзден

1 қаңтардағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 22 275 адам короновирус инфекциясынан (10 105 КВИ+ және 12 170 КВИ-) емделуде, оның ішінде 4 774 пациент стационарда, 17 501 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

КВИ+, КВИ-  шалдыққандардың арасында:

  • 265 адамның жағдайы ауыр;
  • 53 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 46 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.