Коронавируспен ауырып жатқан 257 адамның жағдайы ауыр

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта 22 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда 30 желтоқсандағы мәлімет бойынша 22 070 адам короновирус инфекциясынан (9 920 КВИ+ және 12 150 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Олардың ішінде 5 072 пациент стационарда, 16 998 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 257 адамның жағдайы ауыр;
  • 45 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 41 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.