Салық төлеушілердің 245 млн теңгесі кешірілген
Алматыда 100 мыңға жуық адам салықтық рақымшылыққа іліккен. Сөйтіп жеке тұлғалардың осы күнге дейінгі салықтық берешектері кешірілді. Онда 97 141 салық төлеушінің 245 млн теңгесі кешірілген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
2020 жылдың соңына дейін елімізде жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық жасалады. Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің деректері бойынша, қала бойынша өсімпұлдарды есептен шығару бойынша акцияның басында борышкерлер саны 192 мың жеке тұлғаны құрады, онда 6,5 млрд теңгеден астам берешек, оның ішінде негізгі қарыз сомасы — 5,4 млрд теңге және өсімпұл — 1,1 млрд теңге болды.
"Бүгінгі күні Алматы қаласы бойынша рақымшылық бойынша 245 млн теңге сомасына өсімпұл есептен шығарылды және негізгі өтелген борыш сомасы 2,1 млрд теңгені құрайды. Бұл ретте өсімпұлды есептен шығару автоматты түрде жүргізіледі, борыштың негізгі сомасын ғана төлеу жеткілікті", - делінген Алматы қаласы әкімдігі таратқан баспасөз хабарламасында. .
Қалалық кірістер департаменттің деректеріне қарағанда, 2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша салық төлеушілердің дербес шоттарында есепте тұрған мүлік, жер және көлік құралдары салығы бойынша берешек 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін төленген жағдайда, жеке тұлғалардың өсімақылары кешіріледі. Бұл ретте өсімпұл берешегі төленген салық түрі бойынша ғана кешіріледі.
Бұл норма мұндай адамдардың салық міндеттемелері кәсіпкерлік қызметті, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың немесе кәсіби медиатордың қызметін жүзеге асырумен байланысты емес жағдайларды қоспағанда, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған адамдарға және жеке практикамен айналысатын адамдарға қолданылмайды.
Барлық туындаған сұрақтар бойынша азаматтар Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің колл-орталығына 1414 телефоны бойынша жүгіне алады.
Ришат Асқарбекұлы, Алматы